2025 жылдың 15 қараша күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Рух» пікірталас орталығының ұйымдастыруымен және Орал жастарының қолдауымен 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне арналған жастар арасындағы «Young Cup» облыстық пікірсайыс турнирінде Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің 6В01601-Тарих білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Дуйсенгалиев Айдос және 6В01123- Құқық қорғау қызметі білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Ибадуллин Нұртілектің ” 04-07 ” фракциясы III – орын иеленді.
Пікірсайыс турниріне қатысып, жүлделі оралған университетіміздің студенттерін құттықтаймыз!

