Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім  министрлігінің  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі  білім комитеті «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурсқа ғылыми-педагогикалық салада үздіксіз 5 жылдық еңбек өтілі бар және қызметте жоғары жетістіктер көрсеткен профессорлық-оқытушылық құрамы (штаттағы оқытушылар) қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер өз құжаттарын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ақпараттық жүйесі арқылы тапсырады.

Байқаудың мақсаты – жоғары оқу орнындағы профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби-педагогикалық мәдениетін, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, кәсіби салада педагогтің өзін-өзі жетілдіруі үшін қолайлы жағдай жасау, оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына деген мотивациясын арттыру.

Конкурс екі кезеңнен тұрады: жоғары оқу орнында және республикалық кезең.

Конкурстың I кезеңі 2022 жылдың 1 қарашасынан басталып,  2022 жылдың 10 қарашаға дейін жалғасады.

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін ЖОО-ның штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі (universitycontest.iac.kz.) арқылы келесі құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;
2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жыл мәліметтер);
3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі 11-15 қараша аралығында өткізіледі.

Байқаудың II кезеңі 2022 жылдың 17 қарашасынан басталып, 2022 жылдың 3 желтоқсанына дейін жалғасады.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz