ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Қазақстан Республикасының Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдауына байланысты Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Ғылыми кеңесі жоғары алқалы орган ретінде жаңа стратегиялық құжат – БҚИТУ-дың 2023-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасын қабылдау туралы шешім қабылдады (Ғылыми Кеңестің 2023 жылғы 30 маусымдағы отырысының №11 хаттамасы). Ғылыми Кеңес шешіміне сәйкес, бағдарламалық құжат университеттің негізгі стейкхолдерлеріне талқылауға жіберіледі және барлық мүдделі тараптардың барлық сұрақтарын, ұсыныстары мен ұсынымдарын ескере отырып қабылданатын болады.
Сіздерді 2023 жылғы 13 қыркүйекте сағат 15.00-де Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 208 мекен-жайы бойынша өтетін жаңа стратегиялық құжатты талқылауға шақырамыз.
Сіздердің назарларыңызға Даму бағдарламасының жобасын ұсынып отырмыз. Барлық сұрақтарыңыз, ұсыныстар мен ұсынымдарыңызды университеттің стратегия және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі проректоры А.С. Мұханбетқалиевке жібере аласыздар (тел. нөмірі: +77780610176, электрондық пошта мекенжайы: bodhisattvaasken@yandex.ru)
Ректорат
БҚИТУ-дың 2023-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасы