Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2025-2026 оқу жылының күзгі семестріне қатысуға шақырамыз.
6В07201 Мұнай-газ ісі, 7М07201 Мұнай-газ ісі білім беру бағдарламасының білім алушыларын “Мұнай жоғары мектебі”Альметьев мемлекеттік технологиялық университетіне, Удмурт мемлекеттік университетіне шақырамыз.
6В07302 Құрылыс және 6В07301 Сәулет білім беру бағдарламасының білім алушыларды Тамбов мемлекеттік техникалық университетіне.
6В04202 Құқықтану білім беру бағдарламасының білім алушыларды М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетіне.
6В09103 Ветеринария білім беру бағдарламасының білім алушыларды Столыпин атындағы Ульяновск мемлекеттік аграрлық университетіне.
6В11201 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, 6В07301 Сәулет білім беру бағдарламасының білім алушыларды В. Н.Татищев атындағы Астрахан мемлекеттік университетіне.
Студенттер Быдгощ университетінде (Польша) академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса алады.
Келесі талаптарға сәйкес келетін білім алушылар шақырылады:
* бакалавриаттың 2-3 курс студенттері және магистратураның 1 курс студенттері;
* “А”, “А-“, “В+”, “В”, “В-“; “С+” үлгерімі;
Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2025 жылдың 10 тамыз.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін құжаттар тізбесі:
* студенттің өтініші;
* оқыту туралы келісім;
* жеке куәліктің көшірмесі;
* транскрипт (университеттің ресми мөрімен расталған);
* жеке оқу жоспары (институттың ресми мөрімен расталған);
* ұсыныс хат (магистранттар үшін).
Толық ақпарат алу үшін Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар бөліміне СТИ (324 кабинет) хабарласуыңызды сұраймыз.