БҚИТУ Білім және менеджмент институтында 2023 жылдың қыркүйек айынан педагогикалық қайта даярлау курстары ашылып, жұмыс істей бастады.  PR0013 – Педагогикалық қайта даярлау курс тыңдаушыларына арналған білім беру бағдарламасы 22.06.2023 күні Қазақстан Республикасының білім беру бағдарламаларының тізімі арқылы сараптамадан өтті және тіркелімге алынды. Бұл курстың  мақсаты – педагогикалық емес арнайы кәсіби білімі бар мамандарды педагог ретінде қайта даярлау арқылы қазіргі кезде сұранысқа ие педагогтар қажеттілігін өтеу. Арнайы кәсіби білімі бар мамандарға заңнамаға енгізілген өзгеріске сәйкес, арнайы курсты оқып шыққаннан кейін өз саласы бойынша педагог маман ретінде жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Қайта даярлау курсын сәтті аяқтаған тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі сертификат табысталады.  Қазіргі уақытта біздің университетімізде алты траектория  бойынша педагогикалық қайта даярлау курстары жұмыс істейді. Олар:  

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Шет тілі: екі шет тілі
  • Тарих
  • Информатика
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу.

Оқу мерзімі – 6 ай. 

Бағдарлама педагогикалық дағдылардың интенсивті тәжірибесі мен мамандар қажеттілігіне бағытталған.

Кредиттер саны – 50 ECTS (1500 академиялық сағат)

Құжаттар күзгі қабылдауға 20 маусымнан 25 тамызға дейін және қысқы қабылдауға 20 қарашадан 30 желтоқсанға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:

Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғ, 194

Байланыс телефондары: 8-747-081-72-83

Курсқа түсушілер келесі құжаттарды тапсырады:

  1. Жоғарғы оқу орнының басшысының атына өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Жоғары білімі туралы құжат көшірмесі;
  4. 3×4 өлшеміндегі алты сурет;

5. 075-У нысанындағы медициналық анықтама;

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz