Құрметті тауар сатушылары және жұмыс пен қызмет көрсетушілер, «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті» ЖЖКББМ (Орал қ.) ҚР ҒЖБМ Ғылым Комитетінің бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру шеңберінде орындалатын BR24992892 «Инновациялық азықтандыру хаттамаларын әзірлеу және жас малдарды өсіру технологиясын интенсификациялау негізінде сүтті малдың өнімділігін арттырудың ғылыми негізделген әдістері» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін төменде көрсетілген материалдар мен жабдықтарды сатып алуға дайын екендігін хабарлаймыз.
1. Ankom Daisy II инкубаторы («жасанды месқарын») – 1 дана;
2. Голштин тұқымды бұқалардың (Солтүстік Америка селекциясына жататын)– 300 доза және симментал тұқымды бұқалардың (Еуропа селекциясына жататын) ұрығы – 200 доза біржынысты ұрығы.
Ankom Daisy II инкубаторына қойылатын талаптар:
- Жабдық делдалсыз, тікелей өндіруші зауыттан жеткізілуі тиіс (АҚШ штаты, қала және зауыт атауы көрсетілуі қажет);
- Инкубаторға арналған ілеспе материалдардың толық пакеті (220 В, 8 дюймді термиялық дәнекерлеуші, талшықты сүзгі қаптарының 200 қаптамалары, ацетонға төзімді қара маркер, құрғатқыш / блок, сөмкелерді өлшеуге арналған ұстағыш);
- (осушитель / блок, держатель для взвешивания сумок);
- Техникалық сипаттамасы: 220В, 50/60Гц;
- Бір уақытта талданатын үлгілердің саны: 100 данадан астам
- Ғылыми зерттеулерге арналған материалдар мен жабдықтарды жеткізу тәжірибесі кемінде 5 жыл болуы тиіс, мүмкіндігінше БҚО аумағында;
- Жоспарланған құны – 10 млн теңгеге дейін;
- Шартқа отыру мерзімі – 2025 жылғы 1 тамызға дейін;
- Төлем шарты: алдын ала төлем құны 70%;
- Кепілдік мерзімі – кемінде 10 жыл.
Біржынысты ұрыққа қойылатын талаптар:
- Голштин тұқымының ұрығы АҚШ-тағы фирмадан делдалсыз алынуы тиіс (штат, қала және ұрықты сататын фирма атауы көрсетілсін), сондай-ақ симментал тұқымды бұқалардың ұрығы Еуропадағы фирмадан алынуы тиіс (ел және фирма атауы көрсетілсін);
- Бұқалардың экстерьерлік бейіні және асылтұқымдық құндылық бағасы көрсетілген bull-page (бұқа парақшасы) орыс тілінде ұсынылуы қажет;
- Ғылыми мақсатқа арналған материалдар мен жабдықтарды жеткізу тәжірибесі кемінде 5 жыл болуы тиіс, мүмкіндігінше БҚО аумағында;
- Голштин тұқымы бұқасы ұрығының 1 дозасының құны 20 000 теңгеге дейін, симментал – 1 дозасы 15 000 теңгеге дейін;
- Шартқа отыру мерзімі – 2025 жылғы 1 тамызға дейін;
- Төлем шарты: 50% алдын ала төлем.
Жауапты қызметкерлердің байланыс деректері:
Абуғалиев Серімбек Құрманбайұлы
Тел.: 8 701 733 14 53
e-mail: ask1959@mail.ru