БҚИТУ Білім және менеджмент институтының студенттері үшін психологиялық қызмет өз жұмысын бастады.
Психологиялық қызметтің мақсаты – білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, білім беру ұйымдарында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал жасау және білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Психологиялық көмек көрсететін психологтар психологтардың халықаралық этикалық стандарттарына сай қызмет атқарады. Қызметке қойылатын маңызды талаптың бірі – құпиялылық, яғни оқу орны кеңес алуға өтініш берген білім алушылар туралы ақпараттың құпиялылығына кепілдік беріп, кеңес алуға жүгінген студенттер туралы ақпаратты статистика немесе өзге мақсаттарда пайдаланбайды.
Сонымен қатар студенттер үшін психологиялық тренингтер өткізу жоспарланған. Студенттердің топта да, жеке форматта да жұмыс істеу мүмкіндігі бар.
Қызмет көрсету орны: Н. Назарбаев даңғылы, 194, Психологиялық диагностика және кеңес беру кабинеті (406-кабинет).
Қызмет көрсету уақыты: 9:00-ден 17:00-ге дейін