Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультеті мен тілдер және менеджмент факультеті жалпы білім беру мектептерінің түлектерін және ата-аналарын Ашық есік күніне шақырады.
4 мамырда БҚИТУ педагогикалық факультеті мен тілдер және менеджмент факультетінде «Сенің жарқын болашағың осы жерден басталады!» атты болашақ талапкерлерге Ашық есік күні өтеді.
Талапкерлер университетпен, өздерінің болашақ оқытушыларымен таныса алады және факультет декандарына сұрақ қоюға мүмкіндіктері бар.
Біз талапкерлерге мынадай кеңес береміз: оқу үрдісіне нақты көңіл бөлетін, білікті оқытушылық құрамы қалыптасқан, дамыған инфрақұрылымы мен нақты стратегиясы анықталған сонымен қатар студенттің тұлға ретінде дамуына айрықша көп көңіл бөлетін ЖОО-да білім алуды.
Біздер белсенді студенттерді шақырамыз.
Ашық есік күні бағдарламасы:
15.00-15.20- факультеттер декандарының алғашқы сөзі;
15.20-16.00- кәсіби бағыт беру және қабылдау комиссиясының кеңесі.