2021 жылдың 19-шы мамырында Батыс Қазақстан инновациялық –технологиялық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет») БҚО бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Хайруллин Біржан Марданұлының қатысуымен «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында жоспарлы онлайн – семинар өтті.
Семинардың мақсаты – ҚР ЖОО қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін жайттардың алдын алу, оларды шешу жолдары қарастыру.
Кездесу барысында Біржан Марданұлы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру бағытындағы іс-шараларға тоқталды.
Сондай-ақ шара барысында студенттерге БҚО «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» департаменті дайындаған бейнеролик көрсетілді.
Семинар барысында басқарма басшысы Б.М. Хайруллин студенттердің сұрақтарына жауап беріп, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру ісінде әдістемелік көмек көрсетуді ұсынды.
