Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша Республикалық байқауында I орын алған Инженерлік –технологиялық факультетінің 6В07101 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығының 2 курс студенті Виталий Горюновты құттықтаймыз!

Ғылыми жобасының тақырыбы: “Пайдаланудағы майлау жүйесінің функционалдық жағдайын қамтамасыз етумен автомобиль форсирленген қозғалтқыштардың жұмысқа қабілеттілігін қолдау”.

Ғылыми жетекшісі – Биниязов Абзал Махсотович, PhD докторы, техника және технологиялар кафедрасының доценті.

Табысты оқу және жемісті ғылыми-зерттеу жұмысын жалғастыруды тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz