2021 жылдың 6 және 7 сәуірінде педагогика факультетінің “Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі” кафедрасында студенттер мен магистранттардың «Ғылым мен білімдегі жастар әлеуеті: көзқарастар, бағдарлар, келешегі» XXI халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Жаһандану дәуіріндегі филологиялық білім, мәдениет және оқытудың инновациялық технологиялары»секциясының отырысы өтті.

   Конференция FreeConferenceCall онлайн платформасында ұйымдастырылды. Секция отырысында теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы әртүрлі тақырыпта 25 баяндама тыңдалды. Барлық баяндамашылар өз жұмыстарын презентациямен қорғап шықты.

   Студенттер мен магистранттардың жаңа инновациялық оқыту технологиялары туралы, ұлттың мәдени дамуындағы қолданбалы өнердің рөлі туралы. Оқушылардың креативті ойлауын қалыптастыру үшін сабақта шығармашылық тапсырмаларды пайдалану туралы баяндамалары қызығушылық тудырды.. Студенттер бір-біріне сұрақтар қойып, ақпараттар алмасты.

   Қашықтық форматына қарамастан, секция жұмысы нәтижелі және мазмұнды болды. Жұмыс нәтижелері бойынша конференция материалдарының жинағы жарияланады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz