Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Қаржы» кафедрасында ғылыми апталыққа байланысты 2017 жылдың 12 сәуірінде «Жаңа банктік өнімдер мен технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге «Қаржы» мамандығының 1-3 курс студенттері, «Қаржы» кафедрасының оқытушылары, факультет деканы профессор Джумакаева Б.С. қатысты, сонымен қатар келесі қонақтар шақырылды: «Банк Хоум Кредит» АҚЕБ Орал қаласындағы филиалының клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджерлері Сюнтеева Г.Е.Рамазанова А.Б., Булатова Г.Б., «Казкоммерцбанк» АҚ Орал қаласындағы филиалының шағын және орта бизнеспен мәмілелер жасау бөлімінің 1-санатты маманы  Зайкин Р.А., «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы операциялық басқару бөлімі бастығының орынбасары Машиков А.А., «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚОФ кеңесшісі Сисекешова Д.С.

Дөңгелек столды өткізудегі негізгі мақсат- студенттердің жаңа банктік өнімдер мен технологиялар саласындағы құзіреттілігін қалыптастыру.

Дөңгелек үстел отырысын «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., доцент Ким А.А. ашып, нарықтық экономика жағдайындағы банктердің ролінің артуын атап өтті.

Қазіргі таңда əр банк бір- бірімен жарысып, өзіндік артықшылығын, ерекшелігін ұсынатын болып жүр. Əр банк өзіндік саясатын ұстанады. Біздің елде банк қызметтерінде бəсекелестік қыза түст. Бəсекелестік бар жерде банктердің беделі де байқала бастайды. Банктер ішкі нарыққа ақша тарту үшін, əр түрлі амалдарға барып жатыр. Клиенттерді өздеріне тартудың тəсілдері əр түрлі. Қазіргі уақытта  екінші деңгейлі банктер қашықтан қызмет көрсетудің кең спектрін қолдануда.

«Банк Хоум Кредит» АҚЕБ Орал қаласындағы филиалының клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджерлері Сюнтеева Г.Е.Рамазанова А.Б., Булатова Г.Б. тартымды да, қызықты  баяндама жасады. Олар дөңгелек үстелге қатысушыларға жаңа депозиттік және несиелік өнімдер туралы, олардың ерекшеліктерін айтып өтті.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚОФ кеңесшісі Д.С.Сисекешованың баяндамасы  үлкен қызығушылық тудырды.  Барлық хабарламалар Power Point редакторында жасалған  презентациямен жүргізілді.

Отырыс барысында қазақстандық клиенттер пайдалана алатын көптеген банктердің жаңа қызметі, сондай-ақ ноу-хау айтылды.

Пікірталасқа келесі студенттер белсенді қатысты.  Ажмуханбетова Д., Дуйсенов И., Едигеева Ж., Абзалова А., Акылбекова Б.

Отырыс кезінде студенттер тақырып бойынша өздерін қызықтыратын  сұрақтар бойынша мамандардан толық жауаптарын алды.

«Қаржы»  кафедрасы дөңгеле үстелге келген конақтарға алғыс білдіреді және  алдағы уақытта үнемі студенттердің конференциясын өткізіп тұруды, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін, тәжірибе алмасу үшін қонақ дәрістерін өткізуді   ұсынады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz