29 қаңтар күні Алматы қаласында 28-ші қысқы дүниежүзілік Универсиада ойындары басталды. Жарысқа спорттың 12 түрі бойынша 85 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жарыстың ұйымдастырылуына шетелдіктерді қоса алғанда 3000-ға жуық волонтер мен 127 халықаралық сот және 600-ге жуық ұлттық техникалық мамандар қатысты.
Универсиада алау эстафетасының ашылу салтанаты біздің қаламызда 27 қаңтар күні сағат 10.00 де басталды. Универсиада алауын алып жүру құрметіне ие болғандар қатарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері де бар:
- Имангалиев Мирас – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттік ректоры, оқу үздігі, облыстық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың бірнеше мәрте дипломанты, университеттің «Брейн-ринг» командасының капитаны, «Жас ғалым – 2015» номинациясының иегері.
- Максутов Қали – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті бойынша Қазақстан студенттер Альянсының көшбасшысы, студенттер Альянсының республикалық слетін ұйымдастырушысы, жыл сайынғы халықаралық «Соседи-Көршілер» легерінің ұйымдастырушысы.
- Жумагамбетова Асель – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенті, қол күресінен ҚР спорт шебері, ҚР чемпионы, Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
- Ноздрин Антон Юрьевич – велоспорттан ҚР спорт шеберлігіне үміткер, ҚР чемпионы, Азия чемпионы.
- Қуанышқалиев Манас Арматұлы – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенті, Садақ атудан ҚР спорт шебері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Халықаралық турнирлердің жүлдегері.
- Жаңбырбай Расул Серікұлы – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенті, Бокстан ҚР спорт шебері, жастар арасында ҚР чемпионы, Халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
- Надыршина Элина – волейболдан ҚР спорт шеберлігіне үміткер, Қазақстан Республикасы жастар арасындағы чемпионы, ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, ҚР жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың бірнеше дүркін чемпионы, ҚР жоғары лига командалары арасындағы чемпионаттың қола жүлдегері.
- Замодеенко Михаил – волейболдан ҚР спорт шеберлігіне үміткер, ҚР чемпионатының қола жүлдегері.
Батыс Қазақстан облысы атынан қысқы универсиадаға қатысушылар арасында біздің университет студенттері де бар. Олар: педагогикалық факультеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенттері, шорт-тректен спорт шеберлері Анита Нагай мен Нуртлек Кажгали.
Университет әкімшілігі баршаңызды универсиаданың ашылуымен құттықтай отырып, спортшыларымызға тек жеңіс тілейді.


