2019 жылдың наурыз айында «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан білім беруді жаңғырту жолында» атты республикалық конференция өтті.
Ғылыми шараға еліміздің 14 облысынан ең үздік студенттер қатысты. Конференция барысында Республикалық «Үздік студент – 2019» жобасының марапаттау рәсімі болды. Қазақстан бойынша БҚИТУ «Тілдер және менеджмент» факультетінің 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4 курс студенті Төлекбаева Данагүл Сермухамбетқызына «Жылдың үздік студенті» төс белгісі тағылып алғыс хат берілді.
Республикалық олимпиадаларға, конференцияларға, жобаларға, байқауларға белсенді қатысқаны үшін «Жас қыран» республикалық талантты жастардың кітап жинағына енді.
Данагүлді құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!