Өскемен қ. «Inn & Science Asia» ғылыми-білім беру орталығы 5B051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және 5В050700 – «Менеджмент» мамандықтарының студенттері арасында Республикалық қашықтықтан Олимпиада өткізді.
Олимпиадаға келесі университеттердің студенттері қатысты:
– Алматы Менеджмент Университеті, AlmaU (Алматы қаласы);
– Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (Атырау қаласы);
– Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Өскемен қаласы);
– Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (Орал қаласы)
– Қазақстан-Американдық еркін университеті (Өскемен қаласы)
– М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті (Тараз қаласы)
– «Тұран» университеті (Алматы қаласы)
– Орталық Қазақстан академиясы (Қарағанды қаласы)
Республикалық қашықтықтан Олимпиада қорытындысы бойынша 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 1 курс студенттері Смадинова Гүлдана, Самигуллиева Зарина, Гарифуллина Гүлдана 2 орын алды;
-5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенттері Исмагулова Эльвира, Калиева Эльвира, Курманова Эльмира 3 орын алды.
Барлық қатысушыларды және ғылыми жетекшісі Тулегенова Айнагуль Утегеновнаны жеңіспен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!
