2021 жылдың 6 және 7 сәуір күндері инженерлік-технологиялық факультетінің техника және технология кафедрасында студенттер мен магистранттардың “Білім және ғылым саласындағы жастар әлеуеті: көзқарастар, бағдарлар, келешегі” XXI Халықаралық ғылыми студенттер мен магистранттар конференциясы аясында» секция отырысы өткізілді, осы 8 «Техника мен технологиядағы заманауи инновациялар» бөлімі бойынша 2 курс студенті Виталий Горюновтың «Поддержание работоспособности автомобильных форсированных двигателей обеспечением функционального состояния смазочной системы в эксплуатации»; Бердашева Аринаның «Исследование причин аварийности и разработка методов совершенствования системы обеспечения безопасности движения в условиях Западно-Казахстанской области» және 4 курс студенті Атуов Нурболдың «Повышение качества обработки почвы посевными комплексами в условиях Западного Казахстана» атты мақалаларда автомобильдердің жұмыс жасау қабілеттілігін функционалдық қозғалтқыштармен қамтамасыз ету, қозғалыс қауіпсіздік жүйесін жетілдіру, топырақты өңдеу сапасын арттыру мәселелерін қарастырған баяндамаларды атап өтуге болады.
Сонымен қатар Н.И.Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік аграрлық университеті, Самара мемлекеттік техникалық университеті және Қазақ-Орыс халықаралық университет студенттері мен магистранттары өз баяндамаларымен ерекшеленді.
Самара мемлекеттік техникалық университетінің құрылыс-технологиялық факультетінің студенттері Исаев Максим ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент А.С.Фадеевпен «Техническая реализация функции автоматической калибровки датчиков многоканального цифрового измерения температуры промышленных установок», Антонов Кирилл ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент А.П.Масляницынмен «Анализ процессов автоклавной обработки ячеистого бетона на этапе вакуумирования» тақырыбында қызықты және өзекті мәселелер қамтылды.
Н.И.Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік аграрлық университетінің магистранты Здобнов Александр «Совершенствование системы управления электроциклом для сельскохозяйственного производства» және Ю.А.Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің аспиранты Мамешов Раман «Структурообразование композиционных строительных материалов наполненных материалов наполненных активными минеральными добавками» тақырыбында баяндамалар негіздеменің өзектілік деңгейі, шарттары мен қалыптасуының экономикалық өсімі сұрақтармен талқыланды.
2021 жыл 6-7 сәуір аралығында 8 Секцияда 20 – баяндама тыңдалды, оның ішінде 13 – БҚИТУ студенттері, 6 – Ресей Федерациясының студенттері, магистранттары мен аспиранттары және 1 – Ақтөбе қаласының студенті.