2021 жылдың 6-9 сәуір аралығында Батыс Қазақстан инновациялық технологилық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған«Білім және ғылым саласындағы жастар әлеуеті: көзқарастар, бағдарлар, келешегі» атты XXI Халықаралық ғылыми студенттер мен магистранттардың online конференциясы өтті.
6-шы бөлімнің жұмысы «Қазақстан Республикасында бизнесті дамытудың өзекті мәселелері» 2021 жылдың 6-7 сәуірінде өтті.
Конференция бағдарламасына 36 баяндама енгізілді: 21-і (58%) қазақ тілінде және 15-і (42%) орыс тілінде. Конференцияға қатысуға қаланың және республиканың басқа да жоғары оқу орындарының баяндамалары ұсынылды.
Баяндама тақырыптары әр түрлі болды: пандемия кезеңіндегі экономиканың жағдайы мен перспективалары, экономиканы цифрландыру, туристік бизнесті дамыту, қаржылық талдау мен есептілікті жетілдіру және т. б. Барлық баяндамалар слайдтармен сүйемелденіп қорғалды. Пандемия кезіндегі Қазақстан Республикасының экономикалық проблемаларына арналған баяндамалар аудиторияның ерекше қызығушылық тудырды.
Концеренция аяқталғаннан кейін қатыстан студенттер мен оқытушылар өз тілектерін білдірді.
Кафедра меңгерушісі Анна Алексеевна Ким студенттерге конференция жұмысына қатысқандары үшін алғысын білдіріп, бүгінгі ғылыми конференция жұмысына қатысу олардың өмірлік белсенділігін, білімін кеңейтуге, қарым-қатынас тәжірибесін алуға ұмтылысын растау болып табылатынын, бұл жақын болашақта оң нәтиже беретіні сөзсіз екенін атап өтті.
