2021 жылдың 15 сәуірінде БҚИТУ, педагогикалық факультеті, педагогика және психология кафедрасында “Қазақстанның заманауи білім беру кеңістігінде инклюзияны ұйымдастыру”тақырыбында онлайн форматта ZOOM бағдарламасымен ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырылды. Семинарға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер және білім беру мекемелерінің мамандары шақырылды.

   Зайнуллина А.А.-БҚО, Подстепное ауылы, «Бәйтерек» бөбекжайының 1 категориялы дефектолог маманы «Мектепке дейінгі ұйымдағы инклюзивті білім берудің ерекшеліктері», Курмашева А.А.-Орал қаласы, № 26 ЖОББМ инклюзивті оқыту және үйден оқыту жөніндегі директор орынбасары «Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді жүзеге асыру», Султаниязова Н.Ж.– БҚИТУ аға оқытушы, магистрі, инклюзивті білім беру кабинетінің меңгерушісі «Организация инклюзивного образовния в системе высшего образования», Рахимова А.А.–БҚО, Жаңақала ауылы, Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің жұмыс бағыты», Казимова Н.Е.-БҚО, Подстепное ауылы, № 1 ЖОББМ инклюзияны қолдау кабинетінің меңгерушісі «Мектеп жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу процесі және ортаға бейімделуі» тақырыбында баяндама оқыды. Семинар тақырыбы өзекті болғандықтан, мамандар өзара пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ұйымастырушы БҚИТУ аға оқытушысы, магистр Халикова Б.Т.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz