2016 жылдың 15-19 ақпан аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетінде студенттік пәндік олимпиада оздырылды.

Олимпиада 6 пән және университеттің  7 мамандығы бойынша өткізілді.

Бұл шара болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілетін анықтау үшін өткізілді, сонымен қатар дарынды студенттік жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Бәріміз білетіндей, олимпиада – тек нақты материалды білуін ғана емес, сонымен қатар бұл білімді, шығармашылық ойлауды талап ететін, жаңа ерекше жағдайларда қолдану білігін анықтауға мүмкіндік беретін, белгілі бір білім саласындағы студенттердің зияткерлік сайысының түрі.

4632597

Студенттік пәндік олимпиада екі турдан құралды. Кафедраларда құрылған комиссия І турдың нәтижелерін саралап, үздік танылған студенттерді ІІ турға жіберді.

Студенттік пәндер және мамандықтар бойынша олимипада қорытындысы бойынша ең жоғары балға ие болған студенттерді университет ректоры Р.С.Габдуалиева мақтау қағаздарымен марапаттады.

 Студенттік олимпиада жеңімпаздары: БЖД 11 тобының студенті Бекжанова Динара,  БЖД 12 тобының студенті Сансызбаева Дидар,  БЖД 22 тобының студенті Тажиева Рима,  НД 12 тобының студенті Мусиева Оксана,  ЭЛ 11 тобының студенті Салиев Азамат,  ЭКЛ 31 тобының студенті Маратова Фатима,  ИС 31 тобының студенті Қайыркулов Ерік,  ХТ 31 тобының студенті Абуова Айгуль,  НД 31 тобының студенті Турдыкулова Нуржамал,  ЭЛ 31 тобының студенті Кумашев Азамат,  СТР 31 тобының студенті Муратов Жансерік.

Әрине барлық қатысушылар жүлделі орын алуға ұмтылыс танытқанымен, жеңіс барлығына бұйырмайды, сайыстың аты сайыс. Алайда студенттік олимпиадаға қатысқан әрбір студенттің қабілеті мен мүмкіндігін, жеңіске деген талпынысын айта кеткен жөн.

Құрметті студенттер өмірде өзіне талап қоя білетін, жаңашылдыққа дайын, әрдайым өз қабілетін дамытуға тырысқандар ғана өз бойындағы зияткерлік әлуетін әйгілей алады. Біз сіздерге сенеміз, сіздермен мақтанамыз. Сіздерді әрдайым ұлы жеңістер мен шығармашылықтың биік шыңдарынан көрейік.

Инженерлік-технологиялық факультеті деканы           Н.М.Кадыргалиев.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz