Наурыз айының 3-жұлдызында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Университет аруы 2016» байқауы өткізілді. Байқауға барлық факультеттен 7 ару қатысып, сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Сайыстың мақсаты: қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын, салт дәстүрін бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғи сұлулығы мен ибалылығын білімділігімен ұштастыру. Байқаудын негізгі демеушісі, қалалық маслихат депутатығына үміткер Рысбекова Ләззат Тұяқбайқызы. Сайысқа әр мамандық бойынша келесі аруларымыз қатысты:
- Байбулова Алмагуль – «Аудару ісі» мамандығының 2 курс студенті;
- Зұлқар Айша – «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 1 курс студенті;
- Жұмағалиева Айгерім-«Стандарттау және сертификаттау» мамандығының 2 курсы;
- Давлетова Айдана – «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 1 курс студенті;
- Асқарова Ботакөз «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті;
- Мұратова Айару – «Тарих» мамандығының 1 курс студенті;
- Масалимова Рауза – «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенті.
«Университет аруы 2016» байқауын БҚИТУ ректоры Габдуалиева Р.С. құттықтау сөзімен ашып беріп, әрі қарай сайыс кезеңдерімен таныстырылды. Айтар болсақ сайыс 4 кезеңнен тұрды.
- Таныстыру;
- Ұлттық нақыштағы киім үлгісін көрсету;
- Сұрақтарға жауап беру;
- Кешкі сәнді көйлек көрсету;
Ары қарай аруларымыздың сұлулығын, ақылдылығын саралаған қазылар алқасыымен таныстырылды::
- БҚИТУ-ң тәрбие ісі жөніндегі проректоры, қазылар алқасының төрағасы Абекешев Аянбек Иманбайұлы;
- «Stars Models Studio» модельдік агенттігінің директоры-Хуспанова Жұлдыз;
- «Гера» әйелдер клубының жетекшісі-Булдакова Маргарита;
- Вице «Мисс Уральск-2013» байқауының иегері-Утегенова Жаннур;
- Преподаватель кафедры Экология и биотехнология Жумагалиев Исатай Кенесович.
Қазылар алқасының төрағасы Абекешев Аянбек Иманбайұлы:
Құрметті әсем де сұлу аруларымыз!!! Бүгінгі іс шарада әрқайсысыларыңыз жеңіске лайықты болдыңыздар, сіздерді өз басым жеңімпаздар деп танимын. Сіздерге шексіз алғысымды білдіре отыра, болашақта биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспін.
Жалпы қорытындылай келетін болсақ:
1.Байбулова Алмагуль «Мисс Зрительских симпатии-2016»
2.Зұлқар Айша «Мисс Грация-2016»
3.Жұмағалиева Айгерім «І-вице Мисс Университет-2016»
4.Давлетова Айдана «Мисс Улыбка-2016»
5.Асқарова Ботакөз «ІІ-вице Мисс Университет-2016»
6.Мұратова Айару «Мисс Университет-2016»
7.Масалимова Рауза «Мисс Эрудит-2016»


