«Жоғары оқу орнында оқытуды БЕЛСЕНДІРУДІҢ ЗАМАНАУИ әдістері»

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде  өзара заманауи озық педагогикалық тәжірибемен алмасу, жаңашыл оқытушылардың еңбегін, университеттің білім беру процестеріне енгізу, инновациялық білім беру технологияларын пайдалану және жоғары оқу орны педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында 2021-2022 оқу жылының  8-12 қараша аралығында «Жоғары оқу орнында оқытуды белсендірудің заманауи әдістері» тақырыбында сапа апталығы өтті.

Сапа апталығында  дөңгелек үстел, кездесу сағаттары, шеберлік сағаттар,  семинар, практикалық сабақтар, ашық дәріс сабақтары (онлайн) өткізілді.

«Тарих және құқық» кафедрасының  доценті, т.ғ.к. А.Е.Бижанова «Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерімен  Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Архивтану және музейтану» пәнін терең меңгеру мақсатында музей мамандары тарапынан мастер класс шарасына қатысты.

Шара барысында музей қызметкерлері, атап айтқанда – Экскурсия ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А.С.Насипкалиева, Қор бөлімі меңгерушісі А.К.Абдрахманова, Экспозиция және көрмені жабдықтау бөлімі қызметкері К.М.Шарипқалиева музей жәдігерлерін қабылдау, құжаттандыру, олардың сақталу талаптары туралы, сонымен қатар музейдің экскурсия жүргізу жұмысының қыр-сырларынан кең түсініктеме алынды.

                     

«Тарих және құқық» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Жайлыбаева Ж.М. Сот сараптама полигонында «Оқиға болған жерді қарау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – теориялық материалды криминалистикалық және тергеу жұмыстарында мүмкін болатын жағдайларға жақын проекцияда бекіту, сонымен қатар педагогикалық ұжым арасында тәжірибе алмасу.

                     

«Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерімен Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сілтеме жасай отырып, «Оқиға болған жерді қарау» тергеу әрекетінің өндірісіне жалпы сипаттама беретін ашық сабақ өткізілді, яғни пәтерде (ас үйде). Осы тергеу әрекетін жасау тәртібін сипаттай отырып, қабылданған шаралардың барлық сипаттамалары біртіндеп ашылды.

                     

«Тарих және құқық» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. А.М.Балыкова «Марко Полоның өмірі мен шығармашылығы тарихи дереккөз ретінде» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

                     

ХІІІ ғасырда өмір сүрген әйгілі жиһанкез Марко Полоның Венециядан Қытайға дейінгі саяхаты туралы бейнеролик көрсетіліп, «Әлемнің әртүрлігі туралы кітап» атты Марко Поло еңбегінің әлем тарихындағы деректік маңызы талданды.

                     

«Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушылары Г.Б.Калкенова, А.Е.Жумасейтова, А.И.Султангалиева, А.А. Гинаятованың ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі инклюзивті білім берудің өзекті мәселері: теория және  практика» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Мектепке дейінгі жастағы балалардың ерекше білім қажеттіліктерімен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алуға тең қол жеткізуді  қамтамасыз ететін арнайы кеңістік құрудағы инклюзивті білім берудің әдіснамалық және ұйымдастырушылық негіздерін қарастыру мақсатындағы семинарда сала мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін ортаға салды.

                 

Дөңгелек үстелге көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнаулы мектеп-интернаты директорының түзету-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Т. Хамидуллина, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнаулы  мектеп тифлопедагогі С.Т.Асименова, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатының педагог-психологі А.Е.Мендешева, №29 «Балауса» бөбекжайының дефектологі А.К.Шайхиева, №29 «Балауса» бөбекжайының  логопеді А.Х.Айтюрина, №45 «Нұрсәт» бөбекжайының тәрбиешілері Ж.С.Нуржанова, Н.К.Кажимова, №22 «Колобок» бөбекжайы, инклюзивті білім беру кабинеті әдіскері Н.С.Чуреева, №22 «Колобок» бөбекжайы арнайы топ психологі Г.Б.Қазмұханбетова, №10 «Балапан» бөбекжайының әдіскері Г.С.Султангалиева қатысты.

«Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушылары Абужалитова А. Т. және Қазкенова Г. У. «Поэзия – сезімдер патшалығы» тақырыбында жас ақындармен кездесу ұйымдастырды. Кешке танымал жайдарманшы, көптеген әндердің авторы Дәурен  Шамұратов, М.Мақатаев атындағы төсбелгі иегері Ақтілек Әлібекұлы және «Бір үзік сыр» аудио-кітабының авторы Нұршат Тұрсынхан қатысты.

                 

«Есеп және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, магистр А.К Нурманованың  “Турагенттік қызметті есепке алу” “КОМПАНИЯ “TRISTAR” ЖШС кафедра филиалында ұйымдастырылған семинар сабағы өткізілді.

                 

Кафедраның аға оқытушысы У.Б.Мукееваның «Бухгалтерский учет в отраслях: технологические особенности, их значение и влияние на формирование КПН» тақырыбында  шеберлік сағаты өтті.

«Шет тілі және аударма ісі» кафедрасыныңаға оқытушысы  А.Х.Утебаева және мұғалім-практик А.А.Салаватованың жетекшілігімен №38 Ә.Молдагулова атындағы мектеп-лицейінде  «Дуалды оқыту жүйесін жүзеге асыру» мақсатында  дебат-сабақ өтті.

               

«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы э.ғ.м.,  А.У.Тулегенованың және «Атамекен» ҚР-ның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау» жобасы бойынша бизнес-тренері Д.С.Суюншкалиевамен бірлесіп «Startup және табысты бизнес» тақырыбында ұйымдастырылған шарасы өткізілді.

             

Шараның мақсаты: студенттердің зияткерлік қабілеттерін қолдау және шығармашылыққа, инновациялық қызметке қызығушылықтарын арттыру.

Шараны өткізуде жобаны қорғау бойынша «Тілдер және менеджмент» факультетінде оқитын студенттерден келесідей бес топ құрылды:

  1. Жеңіс
  2. Milk meat
  3. Esot
  4. Болашақ бизнес тұлғалар
  5. Қыран

 Әр топ бизнес-идеяларын ұсынып, жобаларын қорғады. Жобалардың бағалау критерийлері бұл: идеяларының жаңашылдығы, жобаларының орындалуы және іске асыру мүмкінділігі.

             

«Экономика және менеджмент» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, э.ғ.к. Б.Т.Толебаева онлайн түрінде ZOOM платформасында«Контроль в системе менеджмента» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді.

           

Сабақ барысында инновациялық әдісі қолданылып, презентация түрінде бақылаудың маңыздылығы, оның қажеттілігіне тоқталып, кәсіпорындарда өнім өндіруде және қызмет көрсетуде басқаруды бақылаудың қандай түрлері қолданылатының қарастырып студенттерге нақты материалдарды пайдаланып пікір-сайыс өткізілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz