Кубань мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Идея-творчество-дизайн 2021» атты  V халықаралық шығармашылық жұмыстар байқауына «Жаратылыстану – ғылыми пәндер» кафедрасы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ворожейкина Ольга Игоровна басшылығымен педагогикалық факультеттің студенттері қатысты.

Мизамғалиева Айзада «Адам және ғарыш әлемі» атты екі жұмысы (қол және компьютерлік графиканың үйлесімділігі негізінде коллаж техникасы) үшін «Цифрлық графика» номинациясы бойынша лауреат дипломдарымен марапатталды.

Жұмабаева Айман «Алқа», «Қобыз», «Торсық» (материалдар: былғары, акрил) атты үш жұмысы үшін «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша лауреат дипломдарымен марапатталды.

Жанаев Рахат «Шығыс Күні» жұмысы (батик техникасы, акрил материалдары) үшін «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша лауреат дипломымен марапатталды.

Ғылыми жетекші – Ольга Игоровна Ворожейкина авторлық дизайн-жобасы үшін «Профи» номинациясы бойынша лауреат дипломымен, естелік каталогпен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Ғылыми жетекші мен студенттерді лайықты жеңісімен құттықтай отырып, жаңа жетістіктер тілейміз!!!

БҚИТУ Жас ғалымдар кеңесі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz