ҚР БжҒМ министрінің 11.01.2013 ж. «Республиканың жоғарғы оқу орындарына шет елдердің ғалымдарын шақыру туралы» №2 бұйрығына негізделе отырып, 2016 жылдың қарашаның 21 мен желтоқсанның 2-і дейін академиялық мобильділік мақсатымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетіне Орынбор мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Сеитов Марат Султанович шақырылды.
Экология және биотехнология кафедрасының профессорлы-оқытушылық құрамы, 5В120200 – Ветеринарлық санитария мамандықтарының 3 курс (ВС-31) студенттеріне біліктілікті арттыру мақсатында «Жануарлардың клиникалық және қолтанбалы диагностика» пәні өтуде.

