2021 ж. 16 сәуірінде «Экономика және менеджмент» кафедрасының 1 курс студенттері кафедра оқытушылары Ильяс Наурзбаевич және Наталья Алексеевнамен бірге М.Мәметова атындағы Мемориалдық мұражайына барды.
Студенттер Кеңес Одағының Батыры М. Мәметованың өмірбаяны, ерлігі туралы ақпаратты бар ынталарымен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Мұражай соңында студенттер экспозициялар мен экскурсиялық қызмет көрсету деңгейіне қатысты пікір алмасып, әсерлерімен бөлісті. Қорытындысы патриотизм, ерлік және адамгершілік туралы танымдарын кеңейтіп, баға жетпес сабақ алды.