Әлемдік қоғамдастықта болып жатқан қазіргі заманғы интеграциялық процестер жоғары білім беру жүйесіне де әсер етеді. Қазіргі уақытта біртұтас әлемдік білім беру кеңістігі қалыптасуда, ол ең алдымен әлемнің әртүрлі университеттеріндегі білім беру тәсілдерін, стандарттарын, оқу жоспарларын үйлестіруде көрінеді. Соңғы жылдары біздің елімізде жоғары оқу орындарының студенттері, оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлерінің академиялық алмасуына көп көңіл бөлінуде.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2021 жылдың 1 ақпаны мен 12 наурызы аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика факультетінде Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің жалпы және әлеуметтік психология кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Радий Фратович Ихсанов Free Conference call платформасында онлайн форматта “әлеуметтік-саяси білім: Мәдениеттану, психология” модулі аясында 1 курс студенттеріне арналған “Психология” пәні бойынша дәрістер өткізді. Сондай-ақ, “әлеуметтік-саяси білім: Мәдениеттану, психология” модулі аясында 2021 жылдың 15 наурызынан 30 сәуіріне дейін Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің Мәдениет және өнер факультетінің философия, тарих және әлемдік мәдениет теориясы кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Казакова Ирина Борисовна 1 курс студенттеріне “мәдениеттану” пәні бойынша дәріс оқиды.
Ұтқырлық бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогика факультетінің оқытушылары педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Иргалиев Асылбек Сапаргалиевич және дене шынықтыру және спорт магистрі, аға оқытушы Бисалиев Серік Амантайұлы 2021 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Microsoft Teams платформасында онлайн-форматта дәрістер мен практикалық сабақтар өткізуді бастап кетті. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Иргалиев Асылбек Сапаргалиевич 2-3 курс студенттеріне “Медиапедагогика” пәні бойынша сабақтар өткізсе, дене шынықтыру және спорт магистрі, аға оқытушы Бисалиев Серік Амантайұлы “мектептегі ұлттық және зияткерлік спорт түрлері” пәні бойынша 2 курс студенттеріне сабақ өткізеді.
