2021 жылдың сәуір айының 6-9 күндері аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған студенттер мен магистранттардың «Білім және ғылым саласындағы жастар әлеуеті: көзқарастар, бағдарлар, жетістіктер» атты XXI халықаралық ғылыми конференциясын өткізді.
«Экономика және менеджмент» кафедрасы Free Conference Call бағдарламасы арқылы онлайн-режимде «Экономика, ұйымдастыру және басқару» секциясы бойынша студенттік конференция ұйымдастырды. «Экономика, ұйымдастыру және басқару» секциясының жұмысына Б.Б.Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің білімалушылары қатысты. Конференцияға 47 білімалушылар қатысты, оның ішінде 6 магистрант және 41 студент. Секция отырысында 24 баяндама тындалды. Студенттік конференция барысында комиссия мүшелері баяндамаларды тыңдағаннан кейін қарастырылған тақырыптар бойынша сұрақтар қойды.
Конференция жұмысы барысында ғылыми ақпаратпен алмасу жүзеге асырылды, екі ел (Қазақстан, Ресей) экономикасының қазіргі жағдайына талдау жүргізілді. Жұмыс нәтижелері бойынша ғылыми конференция материалдарының жинағы жарияланады.

