2020 жылы 18 қарашада Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті мен Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің бірлесуімен ұйымдастырылған «Орынбор – Еуразияның ірі саяси, экономикалық және мәдени орталығы» атты халықаралық ғылыми онлайн конференция өткізілді.

Конференция жұмысы Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, профессор Ж.Т. Ерназаровпен Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Е.В. Бурлуцкаяның құттықтау сөзімен басталды.

Онлайн конференция барысында Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті тарих және құқық кафедрасының оқытушы ғалымдары Р.Л. Абрахманова, А.Е. Бижанова,   Ж.К. Хайрушин және Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушы ғалымдары, С.В. Джуджузов, Е.В.Годовова, С.В. Любичанковский баяндама жасады. Конференция ZOOM платформасында өтті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz