Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды
- «Техника және технология» кафедрасы – аға оқытушы-5 мөлш.;
- «Экология және биотехнология» кафедрасы – аға оқытушы-4 мөлш.;
- «Мұнай-газ ісі және салалық технологиялар» кафедрасы-доцент-2 мөлш., аға оқытушы -3 мөлш.;
- «Шет тілдері және аударма ісі» кафедрасы-доцент-1 мөлш., аға оқытушы – 3 мөлш., оқытушы-1 мөлш.;
- «Жаратылыстану-ғылыми пәндер» кафедрасы- оқытушы-1 мөлш.;
- Гуманитарлық және заңтану пәндері кафедрасы-аға оқытушы-1 мөлш.
Біліктілік талаптары:
Доцент үшін-жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесінің, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) дәрежесінің болуы және ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл, оның ішінде аға оқытушы лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі; жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша 10 жылдан астам практика немесе ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде 10 жыл.
Аға оқытушы үшін-жоғары кәсіптік немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе кемінде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі.
Оқытушы үшін-жұмыс өтіліне талап қойылмай, жоғары кәсіптік немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар ЖОО басшысының атына өтініш (еркін нысанда) береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы
2) өмірбаяны;
3) жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;
4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (бар болса);
6) медициналық кітапша;
7) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есептер бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі-хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 2020 жылғы 17 қараша, сағат 18:00.
Мекен-жайы: 090000 Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы 194, каб. 216.
Байланыс телефондары: 8(7112) 50-99-90, 51-24-50,51-09-43,51-53-98,51-09-22.