2021 жылдың 18-қарашасы күні БҚИТУ Инженерлік-гуманитарлық факультетінің, Экология және биотехнологиясы кафедрасының аға оқытушысы, техника  ғылымдарының магистрі Г.Р. Курмашева «Эрудит» үйірмесінің студенттерімен Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану мұражайына экскурсияға барды.

Экскурсияның мақсаты – студенттерді ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай шынайы ескерткіштерді сақтаушы тарихи-өлкетану мұражайымен, оның ішінде қаламыздың материалдық және рухани мәдениеті таныстырып, еліміздің тәуелсіздік шежіресінен түсінік беру, тәуелсіздік алып жеткен жетістіктермен таныстыру, өз елін, жерін сүйетін, елінің өсіп өркендеуіне өз үлесін қосатын, елін мақтан тұта білетін азамат тәрбиелеу, шығармашылыққа баулу.

Экскурсия барысында студенттер мұражайдағы 8 залмен, өлкеміздің тарихымен, өркениетті мәдениетімен танысты. Көне дәуірлерден басталған бабалар тарихын баян етер маңызды дүниелер мен құнды деректерді көріп, сол дәуірге саяхат жасап, ерекше әсер алып, қажетті мәліметтерді көңіліңізге тоқыды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz