2016 жылдың 10 -11 ақпаны Қазақстандық жастар күніне орай Тілдер және менеджмент факультетінде «Біз – Қазақстан қанатымыз!» атты фестиваль өткізілді. 2016 жылдың 11 ақпанында фестивальдің «Вокал» және «хореография» номинациялары бойынша өнер сайыстары өткізілді.

5566

Фестивальға вокал номинациясынан 9, хореография номинациясы бойынша 7 номер көрсетілді. Студенттердің өнерлерін келесі құрамдағы қазылар алқасы бағалады: Факультет деканының оқу ісі бойынша орынбасары, ф.ғ.к. Ж.Қ.Хайрушин, фил.ғ.к., аға оқытушы С.Б. Молдашева, аға оқытушы Т.Р. Исагулова, факультет деканының тәрбие ісі бойынша орынбасары, тех.ғ. магистрі Д.Ж. Абдрахманова және офис-тіркеушінің меңгерушісі Б.Т. Джаникешова.

8455

«Вокал» номинациясы бойынша 1 – жүлделі орын «Есеп және аудит» мамандығының студенті Бекажанова Салтанатқа, 2 – жүлделі орын «Мемлекеттік және жергілікті бақылау» мамандығының 2 курс студенті Байбақты Дәулетжанға, 3- жүлделі орын «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығының студенттерінен құралған «Stones» тобына берілді. Қазақтың халық әні «Бір баланы» орындаған «Аударма ісі» мамандығының студенті Жексемғазиев Ақан, «Шет тілдері: екі шет тілі» мамандығының студенттері Аристанова Альмира және Даулетбаева Әсел алғыс хаттармен марапатталды.

8989

«Хореография» номинациясы бойынша 1 – жүлделі орынды «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығының студенті Сахиева Бибінұр, 2 – жүлделі орынды «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығының студенті Давлетова Айдана және 3 – жүлделі орынды «Есеп және аудит» мамандығының студенті Кушалиева Айдана иеленді. Сонымен қатар «Дай-ди-дау» биімен «Шет тілдері: екі шет тілі» мамандығының студенттері Меңдешева Әсел, Байбулова Алмагуль, «Испан» биімен  «Мемлекеттік және жергілікті бақылау» мамандығының студенті Мақсотова Әлия және қазақтың ұлттық биімен «Есеп және аудит» мамандығының студенттері  Кужирова Ляззат,  Бектұрғанова Айдана  алғыс хаттармен марапатталды.

78744

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz