Жастардың отаншылдық сезімін нығайту, спортқа деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, спортты жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында 2016 жылдың 11 ақпанында Тілдер және менеджмент факультетінің факультетіміздің студенттері арасында шағын футболдан турнир өткізілді. Турнирге барлығы 8 команда қатысты: Мәдени-тынығу жұмысы мамандығының «Культурные люди», «ЭКСПО» құрама командалары, «Есеп және аудит», «Экономика» мамандықтарының «Синдекат» құрама командасы, «Мемлекеттік және жергілікті бақылау» мамандығының «ГМУ821», «Dream tear» командалары, «Шетел тілдері: екі шетел тілі» мамандығының құрама командасы, «Аударма ісі» мамандығының құрама командасы және факультет оқытушыларының командасы.

Айналма әдісімен өткізілген турнир қорытындысы бойынша үшінші орынды «Аударма ісі» мамандығының құрама командасы, екінші орынды «ППС» оқытушылар құрама командасы және жүлделі бірінші орынды «Есеп және аудит», «Экономика» мамандықтарының «Синдикат» командасы иеленді. Жеңімпаз командалар дипломмен және турнирдің демеушісі «Казтрансойл» АҚ компаниясының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.