2019 жылдың 6 сәуір күні қаланы абаттандыру, тазалау мақсатында өткізілген “Жасыл ел – Жасыл Орал” акциясына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті бойынша 100-ге жуық оқытушылар мен студенттер қатысты. Таңғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, сенбілікке шыққан қатысушы Жұлдыз шағынауданы тазалығына жауапты болды.  Мұнда тазалық жұмысын алдымен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов өзі бастады. Айналадағы  аймақты күл қоқыстан тазартты. Бұдан бөлек тұрғын  үй коммуналдық шаруашылық  бөлмінің қызметкерлері, білім бөлімі, барлық мемлекеттік қызметкерлер бір кісідей атсалысты. Қаланы тазарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

БҚИТУ тәрбие және ұйымдастыру бөлімі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz