2015 жылдың 21 қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің ректоры экономика ғылымдарының докторы,  профессор Габдуалиева Раушан Смадиновна тілдер және менеджмент факультетінің студенттерімен кездесті.

Кездесуге  оқу ісі жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ерназаров Жасқайрат Тлеккабылович,  ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар бойынша проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Бурахта Вера Алексеевна,  техника ғылымдарының кандидаты, доцент,  аккредитация және стратегиялық даму бөлімінің басшысы Билашев Бауыржан Акимжанович,  университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Абекешев Аянбек Иманбайұлы,  “Тілдер және менеджмент” факультетінің деканы, э.ғ.к., доцент Жұмаев Жеткіншек Жұмаұлы және студенттік өзін-өзі басқару бөлімі,  топ басшылары және факультеттің оқу озаттары қатысты.

20160121_141342

Кездесуді университет ректоры ашты.  Университет ректоры өз сөзінде университеттің жас, қарқынды даму үстінде екендігін айта келе, университеттің дамуында студенттердің үлесі зор екендігі атап өтті. Сонымен қатар студенттерден университетте алып жатқан білім сапасы жайлы сұрап, қанағаттанарлық жауап алды. Келесі сөзді проректорлар алып, университеттің аз ғана уақытта ғылымда, қоғамдық өмірінде жеткен жетістіктері, алдағы жоспарлары туралы айтты.

20160121_153507

Кездесудің келесі кезеңі студенттердің университет басшылығына сұрақтарымен ұласты.  Студентер өз кезегінде сабақтан тыс уақытта спорт залдарды пайдалану, кітапхана, өндірістік практиканың ұйымдастырылуы, студенттердің қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруі, академиялық ұтқырлыққа байланысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып,  қанағаттанарлық жауаптар алды.

Кездесу соңында университет ректоры студенттерді жан-жақты белсенділікке және үлкен ұжымның бір бөлшегі ретінде бірге жұмыс жасауға шақырды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz