Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Педагогика факультетінің ұстаздары мен студенттері

Елбасы Н. Назарбаевтың Қазқстан халқына жолдаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын түсіндіруге және талқылауға арналған жиналыс өткізді.

IMG_3220

Ұжым және студенттер алдында алғы сөзімен профессор, филология ғылымдарының докторы, Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы сөз сөйледі, ол осы құжаттың еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды екенін атап айтты. Осыдан кейін Жолдау туралы білім ордасының ұстаздары мен студенттері өз пікірлерін ортаға салды.                                                                                                                       Университетін тәрбие ісі жөніндегі проректоры Аянбек Иманбайұлы Абекешев – «Қазақстан жастары – ертеңгі ел болашағы» тақырыбындағы баяндамасын оқып берді. «Жаратылыстану ғылыми пәндер»  кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Н.Н.Пересветов — Қазақстан Республикасындағы кризиске қарсы қайта құрылу бағыттары: қаржы және бюджеттік саясат, экономикалық бәсекелестікке ынталандыру туралы түсіндірді. «Тарих және ӘГП» кафедрасының аға оқытушысы А.М. Кенжеғалиев — «Жаңа әлеуметтік саясат» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды.

IMG_3233

Жиналыс соңында Педагогика факультетінің деканы, профессор Б.С.Жұмақаева, тек қана факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы алдында ғана емес, сонымен қатар студенттер алдындағы негізгі міндеттер туралы айтып өтті. Бұл жоғары білікті мамандарды даярлау, бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыруға жағдай жасау, университеттің ұлттық аккредитациядан өтуі және алдағы наурыз айында өткізілетін кезектен тыс сайлауға белсенді түрде қатысыға шақырды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz