Педагогика және психология кафедра доценттері  Р.С. Кинжекова, Г.К. Джонисова 26—27 сәуір күндері «Академиялық және әлеуметтік –эмоциональдық оқытудың интеграциясы XXI ғасырдағы адами капиталдың даму факторы ретінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысып қайтты.  (Нұр-Сұлтан қаласы). Конференция барысында академиялық және әлеуметтік –эмоциональдық оқыту интеграциясының әлемдік ғылыми білім беру кеңістігіндегі теориясы мен практикасы бойынша  – Калифорния университетінің, психология факультетінің доктаранты Зухра Теджа; Лондон Королдық колледжінің психиатрия, психология және нейроғылымдар институтының жетекшісі профессор Патрик Лиман;  Doorob (Сауд Аравиясы және Африка) «Six Seconds» қорының жетекшісі   Солафа Баттерджи;  Ресей эмоциональдық интеллектіні дамыту орталығының эксперті Виктория Шиманскаялар мәлімдеді. Бұл мәселенің Қазақстандық білім беру жүйесінің дамуының үрдістерімен байланыстыру жөнінде–«Sana skills» бағдарламасының жетекшісі, бас ғылыми қызметкер, п.ғ.к. А. Байтұрсынова;  «Sana skills» бағдарламасын құрастырушы әлеуметтік-эмоциональдық оқыту жүйесінің эксперті Е, Мироненко; Абай ат. ҚазҰПУ профессоры, психология институтының директоры, пс.ғ.д. Ж. И. Намазбаева; аль-Фараби ат. ҚазҰУ –нің профессоры, пс.ғ.д. О.Х. Аймағанбетовалар баяндаулар жасады.

Конференция барысында балалардың әлеуметтік-эмоциональдық интеллектісін дамытуға арналған мастер –класс ұйымдастырылды.

профессор Патрик Лиман

доктарант Зухра Теджа

«Six Seconds» қорының жетекшісі   Солафа Баттерджи

БҚИТУ доценті, п.ғ.к. Джонисова Г.К.

БҚИТУ доценті, п.ғ.к. Р.С. Кинжекова

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz