2021 жылғы 25 мамырда сағат 11.00-деҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтыұйымдастырған “Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның аграрлық тарихының өзекті мәселелері: билік және қоғам” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына Тарих және құқық кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.М.Балыкова мен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Р.Л.Абдрахманова қатысып, баяндама оқыды. Конференция ZOOM форматында өтті.
Конференцияның мақсаты – қазақ қоғамының дәстүрлі құрылымының әлеуметтік-экономикалық трансформациясы процесінде билік пен қоғамның өзара қарым-қатынасы контексінде кеңестік кезеңіндегі Қазақстанның аграрлық тарихын зерттеудің өзекті мәселелерін анықтау.

