Осы аптада тілдер және менеджмент факультетінде оқытушы-профессорлар құрамы үшін Жергілікті басқару және әлеуметтік технологиялар ғылымдары академиясының (Мәскеу қ. РФ) ұйымдастыруымен «Қазіргі заманғы қең көлемді жүйеде басқару үлгілері» атты тақырыпта семинар өтті.

IMG-20160208-WA0004

Семинарды РФ Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік  қызмет академиясының мемлекеттік және муниципальды басқару кафедрасының профессоры әлеуметтану ғылымдарының докторы В.И.Патрушев жүргізді.

Тыңдаушылар Ресей Федерациасы және Қазақстандағы нақты жағдайларды талдап, қең көлемді жүйедегі басқарудың өзекті сұрақтарын қарастырды.

IMG-20160208-WA0005

Семинарға қатысушылар осы жылғы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы және 20-ші наурызда өткізлетін еліміздің жоғары заң шығарушы органдарының сайлауы тұрғысындағы қаралатын сұрақтардың маңыздылығын атап өтті.

Семинар аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сәйкес сертификат берілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz