Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университеті мен Қ.Тыныстанов атындағы Ыстықкөл мемлекеттік университетінің ректорлары мен оқытушыларының қатысуымен «Адами капиталды қалыптастырудағы факторлар: талдау және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті.
Оған БҚИТУ-дың ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Р.Ғабдуалиева, ғылыми-зерттеу және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор В.Бурахта, педагогика, тілдер және менеджмент факультеттерінің академиялық департамент басшысы С.Машанова, э.ғ.к., доцент, тілдер және басқару факультетінің деканы Ж.Жұмаев, тілдер және менеджмент факультеттерінің халықаралық қатынастар бөлімінің ғылыми қызметкері, Б.Оразова, аға оқытушы Е.Нұрғалиева, экономика магистрлері Ш.Сәлімбаева, А.Төлегенова, Г.Айтмұканова қатысты.
Конференцияда Раушан Смадинқызы «Отбасындағы қаржылық сауаттылық адами капиталды қалыптастырудың факторы» тақырыбында баяндама жасады.
