Жемқорлыққа қарсы көркем шығармашылық бағыттағы бірқатар кітаптың авторы Жан Ақжанов Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттерімен кездесті.
Кездесуде аталмыш университеттің педагогика факультетінің деканы, химия ғылымдарының кандидаты, профессор Баян Жұмақаева Жан Мұхарбайұлының «Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Сенің түнгі Күнің», «Путь врача», сондай-ақ «Степь и судьба» сияқты бірқатар кітаптың авторы екенін айтып өтті.
Ашық диалог форматында өткен жиында Жан Ақжанов жемқорлықтың неден басталатынын, жемқорлыққа қарсы көркем әдебиет жанрындағы туындыларының жазылуына әлеуметтік жағдайлар көрініс тапқанын жеткізді.
“Менің ойымша, сыбайлас жемқорлық адамның патриот болмауынан басталады. Патриот жан заңды бұзуға бармайды және пара бермейді”, – дейді Жан Мұхарбайұлы.
