13-18 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысында облыстық дене шыңықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұйымдастыруымен Х жазғы Универсиада аясында бокстан (ерлер арасында) жарыс өтеді. Универсиаданың салтанатты ашылу рәсімі 14-мамыр күні сағат 15:00-де Оқушылар сарайында (Московская көшесі, 16) өтеді.

Шараның ашылу салтанатына қатысатын құрметті қонақтар: Сатканов Миржан Мұнайдарұлы (Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары), Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы (Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы), Аманбаева Әсия Рахымқызы (Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы), Сакошев Аян Қажымерұлы (Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы), Нұрмұхамбетов Азамат Мадиярұлы (Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы) және т.б.

Универсиаданың мақсаты – ҚР Тұңғыш Президентінің Жолдауына сәйкес жаппай спортты дамыту, білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде спортты дамыту, республикалық және қалааралық жарыстарға қатысу үшін талантты жас спортшыларды іріктеу, салауатты өмір салтын насихаттау, “2019 жыл – Жастар жылы” бағдарламасын жүзеге асыру.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz