14 мамыр күні сағат 15:00-де бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов атындағы спорт кешенінде Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Х жазғы Универсиада аясында бокстан жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Бокстан жарысқа қатысушы командалар (ерлер арасында):
- І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (Талдықорған );
- Алматы энергетика және байланыс университеті (Алматы );
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы);
- С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Нұр-Сұлтан);
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы);
- Қайнар академиясы (Алматы);
- Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау);
- С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті(Павлодар);
- М.Х.Дулати атындағыТараз мемлекеттік университеті (Тараз);
- Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті (Тараз);
- Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті (Семей);
- Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан);
- Павлодар мемлекеттік университеті (Павлодар);
- Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Ақтау); 15. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті (Ақтөбе);
- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті (Ақтөбе);
- М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Орал);
- Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (Орал);
- Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (Орал).
