2018-2019 оқу жылының 9 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті “Жас зерттеушілер – гүлденген Қазақстанның болашағы” халықаралық фестиваліне арналған Ғылым және шығармашылық апталығын ұйымдастырды. Осы іс-шара аясында экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Тимиргалиев И.Н. 5В050600 “Экономика”, 5В050700 “Менеджмент”, 5В051000 “Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығының 2 және 3 курс студенттері арасында “сапа менеджменті” пәні бойынша экономикалық викторина өткізді. Викторинаға 3 команда қатысты: “Феникс”, “Интуиция”, “Капитал”.

Іс-шара 3 кезеңнен тұрды: 1 – ші кезең – Сәлемдесу; 2-ші кезең – Блиц-сұрау (командалық ойын); 3-ші кезең – капитандар сайысы. Қатысушылар ойынның барлық 3 кезеңінде белсенділік байқатты. Студенттер экономика саласы бойынша білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.

Шара соңында қазылар алқасының мүшелері: э.ғ.к., доцент Есеналиев Б. С., аға оқытушы Уразова Б.А., аға оқытушы Федорченко Л.В., аға оқытушы Нургалиева Э.М. викторинаны қорытындылады.

Экономикалық викторина қорытындысы бойынша қатысқан командалар келесі орындарға ие болды:

1-ші – орын – “Феникс” командасы;

2-ші – орын – “Интуиция” командасы;

3-ші – орын – “Капитал” командасы;

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық жетістіктер тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz