2019 жылдың 12 сәуірінде инженерлік-технологиялық факультеттің акт залында Қазақстандағы Жастар жылына арналған «Жас зерттеушілер – өркендеуші Қазақстанның болашағы» атты халықаралық фестивалінің І кезеңі Ғылым және шығармашылық апталығы шеңберінде өткізілетін ғылыми шаралар жеңімпаз студенттерін марапаттау өткізілді. Ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар бойынша проректор, химия ғылымдары докторы Бурахта Вера Алексеевна студенттер мен оқытушыларды Қазақстан Ғылыми қызметкерлері күнімен құттықтап, ҚР БҒМ СҒЗЖ республикалық байқауында, инновациялық және халықаралық байқаулардағы жеңімпаз студенттер санының артуы дәлелдейтін ғылыми белсенділіктің жыл сайын артып келе жатқандығын атап өтті.
Ғылым және шығармашылық апталығы шеңберінде инженерлік-технологиялық факультет бойынша келесі шаралар ұйымдастырылды және өткізілді: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік студенттік конференциясы; «В мире науки» ғылыми-зияткерлік байқауы; «Современные инновации в сфере технической коммуникации» ғылыми-тәжірибелік студенттік конференциясы; «Мен және менің факультетім: кеше, бүгін, ертең» факультет туралы бейнероликтер байқауы; «Туған жер» инновациялық жобалар байқауы.