2019 жылдың 2-8 сәуір аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің барлық факультеттерінде «Қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізудегі медиация» тақырыбында Батыс Қазақстан облысы бойынша «Медиация Орталығы» директоры М.А.Пруденцало дәріс өткізді. Дәрістің негізгі мақсаты студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Дәріскер медиация рәсімінің артықшылықтары туралы, сот процесіне қатысушы болған жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы әңгімелеп берді.Кездесу барысында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, медиация және сот жүйесінің басым жобалары жайлы айтылды. Дәрісте 400-ден астам әр мамандықтын оқытушылары мен студенттер қатысты.
БҚИТУ ұйымдастыру және тәрбие бөлімі