2019 жылдың 14-15 наурыз күндері Алматы қаласында «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы» ХБК ұйымдастыруымен Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға инженерлік-технологиялық факультеттің «Құрылыс» мамандығының 3 курс студенттері Хасанов ЕрасылОрынбекұлы «Геотехника 1»пәні бойынша І орынға, Чертихин Павел Анатольевич «Құрылыс конструкциясы 1» пәнінен ІІІ орынға ие болды. Олимпиада барысында студенттерге техника ғылымдарының магистрі, техникажәне технология кафедрасының аға оқытушысы Беккалиев Нұрлан Мейрамұлы жетекшілік етті.
Университетіміздің басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамы студенттердің жоғары нәтижелі білім үлгерімін көрсетуіне жан-жақты қолдау білдіруде.
Осындай жоғары дайындық пен білімнің арқасында университет түлектері кәсіби білікті маман болып шығады.
Олимпиадада топ жарған студенттер мен оқытушылар құрамын құттықтай отырып, тек қана биік белестерден көріне берулеріңізді тілейміз!

