2019 жылы 28-29 наурызда Павлодар қаласында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде «5В011400-Тарих» мамандығы бойынша ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға болып өтті. Республиканың барлық аймақтарынан жиырма бір жоғары оқу орнының командалары қатысып, білім сайысында бақтарын сынады. Олимпиаданың мақсаты – студенттердің білім деңгейін көтеріп, қатысушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Білгірлер шарасына қатысқан жас тарихшылар бес турдан құралған олимпиадалық жүйенің бағдарламасы бойынша бәйгеге түсті. Аталмыш ХІ пәндік олимпиадаға БҚИТУ Педагогикалық факультетінен аға оқытушы, тарих магистрі С.Е.Сидахметовтың жетекшілігімен «Тарих» мамандығының 3-курс студенттері Аймурзин Жамел, Кенжеғалиев Арман, Уразов Самат қатысып, сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз!
ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz