2019 жылдың 08 ақпанда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетіне «Батыс Қазақстан облысының ветеринария жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында шеберлік сынып өткізу мақсатында «Орал ауылшаруашылық тәжірибелік станциясы» ЖШС директор орынбасары., в.ғ.к., Айтуғанов Берік Ермекұлы шақырылды.

Мастер-класс барысында ветеринария жұмыстарын ұйымдастыру, жалпы ветеринарияның Мемлекеттік басқарудағы Заңнамалары, Мемлекеттік ветеринария қызметі, ҚР шекарасында жұқпалы аурулардан сақтандыру сынды тақырыптар қозғалды.

Сонымен қатар, Б.Е.Айтуганов студенттерді Мемлекеттік ветеринария қызметінің жануарларды емдеудегі және аурулардың алдын-алу бағытында қандай іс шара қолданылатынын, жалпы адамдарға және малға бірдей аурулардың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру, ветеринариялық қызметтін құқұқтық шарттарын анықтау.

Студенттер мастер-класста үлкен қызығушылық танытт.

Бұл іс шара пікір алмасу бағытында өтті. Тыңдарман қауым көкейлерінде жүрген сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алды.

Студенттер Б.Е. Айтуғановтың үлкен тәжірибесін жоғары бағалады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz