2019 жылдың 11 қаңтар күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультетінде «Тарих және ӘГП» кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолданған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және2018 жылдың 21 қарашасында жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға негізделген ғылыми семинар өткізілді. Семинарда ұлттың ұлы тұлғаларын, қазақ тарихының жарқын беттерін насихаттау, бүгінгі ұрпаққа үлгі ету мақсаты айтылды. Семинарға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Семинарда «Батыс Қазақстан тарихы мен этнографиясы» шаруашылық келісімшарт тақырыбы бойынша т.ғ.к., БҚИТУ профессоры Құрманалин С.Б. есеп беріп, тақырып бойынша жасалған ағымдық жұмыстарға баяндама жасады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының зерттеу тақырыптары бойынша 2018 жылға қорытынды есептері тыңдалды. Қорытынды есептер бойынша мазмұнды презентациялар дайындалып, көрсетілді. Әр баяндамашыға ғылыми семинарға қатысушылардан сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды.
