2026 жылғы 18-19 қарашада Орал қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұбанышқали Садырұлы Жардемовті еске алуға арналған спорттық самбодан жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасындағы қалааралық ашық турнир өтті.
Жарыста Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Нәтижесінде университет құрамасы жалпыкомандалық есепте II орын иеленді.
Алтын медаль иегерлері:
- Балғабаев Батырхан – 64 кг;
- Муратов Мелат – 71 кг.
Күміс медаль иегерлері:
- Тапиев Азамат – 71 кг;
- Енсап Манас – +98 кг.
Қола медаль иегерлері:
- Жұмағали Смадияр – 79 кг;
- Саламат Қайсар – 88 кг.
Команда жетекшісі – Мендиғалиев Батырбек Сәрсенбаевич.
Жас балуандарымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!






