2026 жылғы 19 қарашада «Қаржы және экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен 6В04102 «Экономика», 6В04105 «Қаржы», 6В04106 «Есеп және аудит» білім беру бағдарламаларының 1-2 курс білім алушыларына «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-ның Орал қаласындағы филиалында практикаға бағытталған сабақ өткізілді.
Іс-шараны ұйымдастыруға банк филиалы директорының орынбасары Вязникова Екатерина Олеговна қолдау көрсетті. Сабақты өткізуге жауапты оқытушылар: э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Курманова Г.К. және э.ғ.м., аға оқытушы Салимбаева Ш.Д.
Сабақтың мақсаты – студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, заманауи коммерциялық банктің қызметімен және нақты бизнес-процестерімен таныстыру.
Кездесу барысында студенттер банк филиалының жұмысымен, клиенттерге қызмет көрсету ерекшеліктерімен, цифрлық банкингтің дамуымен және жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар банк маманымен сұрақ-жауап форматында пікір алмасып, тәжірибелік маңызы бар ақпарат алды.
Практикалық сабақ студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби қызығушылығын арттыруға және болашақ мамандығына қажетті дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер жоғары оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, білім алушылардың кәсіби даярлығын жетілдіруге ықпал етеді.
